Маңғыстау облысы ТЖД жеке құрамымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша депаратменті превенция басқармасының бас маманы Нұргүл Тұрлыбайқызы Мұқатай қатысты. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің негізгі басымдықтарының бірі екені және оны жүзеге асыруда мемлекеттік қызметкерлердің парасаттылығы мен ашықтығы маңызды рөл атқаратыны айтылды.