Маңғыстауда жолаушылар вагонында өрт сөндіру өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді

Маңғыстауда жолаушылар вагонында өрт сөндіру   өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді

   

        Маңғышлақ станциясында өрт сөндіру пойызының қатысуымен жолаушылар вагонында шартты өртті жою бойынша жоспарлы өрт - тактикалық оқу-жаттығулары өтті.     Өртті сөндіруге «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері, өрт сөндіру пойызының жеке құрамы және №5-ӨСБ, №12-ӨСБ және №2-МӨСБ қызметкерлері қатысты.

         Оқу-жаттығудың мақсаты - өртті жою, депо қызметкерлерінің дағдыларын жетілдіру бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтау, өрт сөндіру пойыз қызметкерлерінің дайындығын тексеру.

         Тактикалық жоспар бойынша отты дұрыс пайдаланбау себебінен, вагонда өрт пайда болды. Барлық қатысушы бөлімшелер өрт орнына жедел жетті. Өрт сөндіру штабы мен 3 өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылды.

       Оқу-жаттығуға барлығы 60 қызметкер, 10 бірлік өрт сөндіру техникасы, өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Сондай-ақ, теміржол қызметкерлері арасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

        Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу өрт сөндіру командаларының жауынгерлік дағдыларын шыңдауға және олардың стандартты емес жағдайларда жұмыс істеуге дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.