Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының аумақтарында ТЖ жою жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының аумақтарында ТЖ жою жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы

      2024 жылғы 25 наурыз сағат 23-00-де. қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты (қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның мол түсуі) Ақтөбе облысының аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу үшін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің  жеке құрамнан 52 қызметкер, 5 бірлік техника, 8 мотопомпа, 1 «IRIDIUM» спутниктік терминалы және 1 квадрокоптер күштер мен құралдары жіберілді.

      Ақтөбе облысы бойынша топқа жетекшісі - Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Н.Ө. Айжарықов:

      Маңғыстау облысы ТЖД күштерімен Ақтөбе облысы аумағында авариялық-құтқару жұмыстары басталғалы бері барлығы: 4 адам қауіпсіз жерге көшірілді. оның ішінде: 3 бала, 30 180 текше метр су сорылды 7180 дана инертті материал салынған қаптар дайындалып, төселді.

       2024 жылғы 28 наурыз сағат 00-20.00 Батыс Қазақстан облысының аумағында қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу үшін Маңғыстау облысының Төтенше жағдай департаментінен 46 жеке құрам, 5 бірлік техника, 2 жүзу құралы, 8 мотопомпа, 1 «IRIDIUM» спутниктік терминалы және 1 квадрокоптер жіберілді.

       Батыс Қазақстан облысы бойынша топқа жетекшісі - «ӨСжАҚЖҚ» РММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Б.Х. Бүркітов.

       Маңғыстау облысы ТЖД күштерімен Батыс Қазақстан облысы аумағында авариялық-құтқару жұмыстары басталғалы бері барлығы: 66 адам эвакуацияланды, оның ішінде 18 бала 358 121 текше метр сорылды. жағалау жиегін нығайту үшін инертті материалдары бар 1000 қап дайындалды және  төселді,  2 үй жануары эвакуацияланды.

     Аула аумақтарынан еріген қар суын сору, мүлікті эвакуациялау және жағалау жиектерін инертті материалдармен және қаптармен нығайту жұмыстары жалғасуда. Су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг ұйымдастырылды.