22 наурыз – «Жыл басы-Наурызама күні»+бейнетаспа

22 наурыз – «Жыл басы-Наурызама күні»+бейнетаспа

 

   

Наурыз - көктемгі күн мен түннің теңелуі. Наурыз-көктем, бірлік, бейбітшілік пен жақсылық мерекесі. Мереке құрметіне өрт сөндірушілер, ЖҚЖ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен зейнеткерлері мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында әдемі киіз үйлер тігіп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, бір-бірін халықтық әдет-ғұрыптармен, бай мәдени мұрамен, ұлттық тағамдармен және әнмен таныстырды.

«Үздік киіз үйге», «Үздік ұлттық тағамға», ұлттық салт-дәстүрлерді білуге байқаулар ұйымдастырып, ұлттық спорт ойындарын өткізді. Үстелдің бас тағамдары-бешбармақ, наурыз көже, қымыз, шұбат, шығыс тәттілері ұсынылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Наурыз-көктем, бірлік, бейбітшілік пен жақсылық мерекесі. Мереке құтты болсын!