20 наурыз Ұлттық спорт күнін Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері атап өтуде +бейнетаспа

20 наурыз Ұлттық спорт күнін   Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері атап өтуде +бейнетаспа

   

   

      Барлық уақытта ұлттық спорт көшпелі өркениеттің рухын көрсетті. Бұл жай ғана жарыс емес еді. Бұл біздің ата-бабаларымыздың өмір салты, күшпен даналықтың көрінісі. Наурызнаманың бір күнін спортқа арнау-біздің мұрамызды тағы бір рет еске алуға және қатысуға сылтау.

      Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіруші- құтқарушылары, Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері, ЖҚЖ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының зейнеткерлері «Арқан тарту», «Асық – ату», гір көтеру, «Ләңгі» және «Қой көтеру» ойындарында бақ сынасты. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.