18 наурыз -Ұлттық киім күні

18 наурыз -Ұлттық киім күні

     

     2024 жылы 18 наурызда Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар депаратменті бастығының уақытша міндетін атқарушы полковник Бекболат Қайырбекұлы Әбдіқадыровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігімен бекітілген Наурызнама онкүндігі бойынша    18 наурыз – Ұлттық киім күні болып бекітілуіне орай, Департамент қызметкерлері жиынға ұлттық киімде қатысты.  Жиын барысында, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Штаб тобының аға инспекторы азаматтық қорғау сержанты Аида Хасенқызы Тілеповаға және Түпқараған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау сержанты Абылай Жолмұратұлы Атрековке азаматтық қорғау лейтенанты алғашқы арнайы атығы берілді.