Жоспардан тыс Комиссия отырысы өтті

Жоспардан тыс Комиссия отырысы өтті

   

      Ағымдағы жылғы 13 наурыз күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Бектемірұлы Бектемірдің төрағалығымен «Шомылу маусымы кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өткізілді.

      Облыстың климаттық жағдайына байланысты халық сәуір айының соңында, мамыр айының басында суға шомылып бастайтыны белгілі.

      Осыған орай, Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Рәтбек Қожахметұлы Демеуберген мен қала және аудан әкімі орынбасарларының баяндамалары тыңдалды.

       Отырыс нәтижесінде жергілікті атқарушы органдармен тиісті мекемелерге суда шомылу кезеңінде қауіпсіздікті ұйымдастыру туралы бірқатар тапсырмалар берілді.