«AMANAT» партиясында су тасқынының алдын алу мәселесі қаралды

«AMANAT» партиясында су тасқынының алдын алу мәселесі қаралды

 

       Ағымдағы жылғы 12 наурыз күні «AMANAT» партиясының партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында су тасқынының алдын алу мәселесі қаралды.

       Отырыста, Департамент бастығының уақытша мәндетін атқарушы Бекболат Қайырбекұлы Әбдіқадыров атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

       Маңғыстау облысының географиялық орналасуына қарай облыс аумағында қауіп төндіретін өзен көлдер жоқтығы белгілі.

      Сонымен қатар климаттық жағдайларға байланысты көктем кезінде су тасқынының болу қауіптілігі аз.

       Дегенмен қатты жауған нөсер жауыннан және жерге дұрыс сіңбеуінен су жиналатын орын бар екендігін жеткізді.

        Айта кетейік, Маңғыстау облысы басқа өңірлерге қарағанда су тасқыны жағдайы ахуалы бірқалыпты.

       Жалпы көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел ден қою мақсатында, авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге 1563 адам, 451 бірлік техника, 111 бірлік мотопомпа және 18 бірлік жүзу құралдары дайын – деді сөзін қорытындылай келе Бекболат Қайырбекұлы.