Өрт сөндіру бөліміне Экскурсия – бұл балаларға өрт сөндіруші мамандығының маңыздылығы туралы айтып қана қоймай, оларды күнделікті өмірде қауіпсіздіктің негізгі ережелеріне үйрету болып табылады.
Осындай іс-шаралардың бірі № 6 жалпы орта білім беретін мектептің 1 "Д" – сынып оқушылары үшін өткізілді. Экскурсовод Жанна Тагисовна жас қонақтарды қарсы алып, № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне қызықты экскурсия өткізді.
Балалар бөлімше аумағында болып, техника мен жабдықтармен танысты. Сонымен қатар, балалар өрт сөндірушілердің өмірімен және қарауыл қызметін атқару шарттарымен танысты. Оқушылар өрт сөндіру машиналарын үлкен қызығушылықпен қарап, гидті мұқият тыңдады. Сондай-ақ, балаларға өрт сөндіру көлігінде рульде отыруға және естелік суретке түсуге рұқсат етілді.
Сонымен қатар, балалар үшін азаматтық қорғау мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Мұнда жас қонақтарға техногендік және табиғи сипаттағы қандай да бір төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігі нақты түсіндірілді. Балалар өрт сөндіру, азаматтық қорғаныс тарихымен танысып, қауіпсіздік мәдениеті бойынша қосымша білім алды.
Қоғаммен байланыс тобы