Көп қабатты үй кездейсоқ таңдалмады. Мұндай үйлердегі өрттерді сөндіру қиынға соғады, өйткені оларда эвакуациялауды қажет ететін көптеген адамдар тұрады, кіреберіс жолдары көбінесе автокөлікпен толады, бұл өрт сөндіру техникасының, оның ішінде биік техниканың жұмысын қиындатады.
Тактика бойынша шартты өрт 16 қабатты үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтерлердің бірінде болды, оның терезелерінен қалың қара түтін байқалды.
Хабарламаны алған кезде өрт орнына № 1; 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен № 13 өрт сөндіру бөлімінің бөлімшелері дереу жіберілді.
Өрт сөндірушілердің алдында қысқа мерзімде өртті жою міндеті тұр. Өрт орнына келгеннен кейін өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 өрт сөндіру учаскесі құрылды. Тыныс органдарын жеке қорғау аппараттарын пайдалана отырып, газ-түтінінен қорғау буындарымен барлау жүргізілді.
Аталған оқу-жаттығулардың мақсаты-азаматтық қорғау бөлімшелерінің жоғары қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіруге дайындығын және өрттен қорғау жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін тексеру.
Оқу-жаттығуға 13 бірлік өрт сөндіру техникасы, 80 жеке құрам және Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жұмылдырылды.
Қоғаммен байланыс тобы