Жедел ден қоюға дайындығының тексеруі өткізілді

Жедел ден қоюға дайындығының тексеруі өткізілді

   

     Ағымдағы жылдың 23-24 қараша аралығында облысымызда «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде.

       Оқу – жаттығудың мақсаты: «Қысқы кезеңдегі жағдайларда
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» сондай – ақ басқару органдарының күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қою болып табылады.

      Сонымен қатар, оқу – жаттығу барысында азаматтық қоғау қызметтері мен құрылымдарының жедел штабтарының жұмысы нақтыланып, қысқы кезеңде орын алуы мүмкін. Төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындығы тексерілді.

      Аталған оқу – жаттығуға облысымыздың азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарынан 887 жеке құрам, 272 бірлік техника тартылды.