Шомылу кезінде қайғылы жағдайлардың негізгі себебі - қауіпті бағаламау және қиын жағдайдан шыға алмау. Көбінесе адам жүзе алмағандықтан емес, дүрбелеңге түскендіктен суға батады.
Көбінесе мас күйінде, алыс қашықтыққа жүзу, дауылды ауа-райында шомылу, дененің гипотермиясы, бұлшықет құрысулары, үрлемелі жүзу құралдарының жарылуы, бала қараусыз қалдыруы, биіктіктен секіру сияқты себептер қайғылы жағдайға әкеледі.
Осыған орай, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері «МӨММЖКБ» ЖШС еңбекті қорғау қауіпсіздігі жөніндегі инженерімен бірлесіп судағы қауіпсіздік бойынша үгіт-профилактикалық жұмыс жүргізу кезінде суға батқан кезде алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Осы іс-шараны өткізу барысында жастар суға батқан кезде алғашқы көмек көрсету кезіндегі дұрыс мінез-құлық туралы білді. Зардап шеккен адамға мүмкіндігінше тезірек көмек көрсетілуі керек.
Осындай жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі туралы адамдарға Александр Попович түсіндірді.