Жоғалған азамат табылды

Жоғалған азамат табылды

2023 жылдың 27 мамыр күні Маңғыстау облысының аумағында Алматы қаласының тұрғыны Жаханшах Онгарұлы Мажтай 17 –ші шағын аудан, 79-ші үйден сағат 10:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып кеткен. Жоғалған азамат 1 маусым күні сағат 10:45-те Ақтау қаласы мен Маңғыстау ауданының аралығында сайдан табылды. Қазіргі уақытта жоғалған азаматтың жағдайы жақсы, медицина қызметкерлеріне жүгінген жоқ.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 25 жеке құрам, 3 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп тобы, Полиция департаментінен және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің құрамында 15 адамнан тұратын іздеу тобының күштері мен құралдары және 6 бірлік техника және Маңғыстау облысының волонтерлерінен 70 адам, 5 техника жұмылдырылды.

Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!

Сіз барғыңыз келетін аймақтың картасын зерттеуіңіз керек. Онда болған адамдармен кеңесіп, олардан ең қолайлы маршруттар бойынша ұсыныстар алыңыз. Қозғалыс бағыты бар таңбалауды, рельефтің сипатын, қиындықтарды, қауіптерді, су көздерін, қажет болған жағдайда маршруттан шығу мүмкіндігін мұқият зерттеңіз.

Сіз қайда бара жатқаныңыз, қозғалыс бағыты және болжамды қайту уақыты, сондай-ақ Сіз жақсы білетін кем дегенде екі адамға байланыс уақыты туралы ақпарат қалдыруыңыз керек. Қозғалыс бағытын өзгертпеңіз, өйткені жоспарланған уақытта байланысқа шықпаған жағдайда Сізді сол жерден іздейді. Осы тармақты орындауға байыпты қараңыз, өйткені төтенше жағдай туындаған жағдайда көмек Сізге қаншалықты тез келетініне байланысты.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы «112» бірыңғай нөміріне немесе «101» нөміріне қоңырау шалыңыз.