«Оқушы» орталығында «Бақытты балалық шақ» асфальтта суреттер байқауы өтті

«Оқушы» орталығында «Бақытты балалық шақ»  асфальтта суреттер байқауы өтті

«Оқушы» орталығының аумағында балалар арасында Халықаралық балаларды қорғау күнінің 1 маусымын мерекелеуге арналған «Бақытты балалық шақ» тақырыбында асфальтта бормен сурет салу байқауы өткізілді. Балаларды қорғау күні бүкіл әлемге болашақ жас ұрпаққа байланысты екенін еске салады. Баланың құқықтарын сақтау және құрметтеу, дамыған қоғамның қалыптасуына әсер етеді.

Оқушылар өздерінің қиялын көрсетті: орталықтың айналасындағы асфальттағы барлық кеңістік гүлдермен, теңізбен, аспанмен, өрт сөндіру машиналарымен, өрт сөндірушілермен және өрт сөндіру кезіндегі өрттің бейнесімен боялып көрсетілген.

Валентина Петровна Зайцева, қосымша білім беру педагогы: «Біздің байқауымыздың мақсаты қарапайым - балаларға өрт қауіпсіздігінің маңызды ережелерін, өрт туындаған кездегі тәртіп ережелерін үнемі еске салу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы балалардың шығармашылығын ынталандыру, «өрт сөндіруші» мамандығын танымал ету.

Байқаудың қорытындысын шығару және марапаттау орталық аумағында өтті. Балалардың қуанышында шек болмады, нағыз өрт сөндірушілер қонаққа келді! Дыбыс және жарық сигналдарымен өрт сөндіру көлігі орталық аумағына кірді.

Азаматтық қорғау аға лейтенанты, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Кенжеғалиев Садырқожа: «Өртте балалардың қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу - біздің басты міндетіміз. Әр түрлі байқаулар арқылы біз балалардың өрт және әртүрлі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерін бекітеміз».

Өрт сөндіру қызметінің қоғаммен байланыс тобы