Хабарландыру

Хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын ауданы, анықтама телефоны: (8-7292) 30-12-68, е-mail: okr_mang_spasr@mail.ru, ok_spasr_mang@emer.kz азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау бойынша іріктеу ұйымдастырады:

Конкурсқа қабылданатын үміткерлер саны – 20.

Функционалдық міндеттері: жауынгерлік кезекшілікке түскен кезде бекітілген өрт-техникалық құралдарын қабылдау; бекітіліген тыныс алу органдарын жеке қорғау құралын тексеру; постта, күзетте және ішкі нарядта қарауылдық қызмет атқаруда қарауыл құрамында міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету және т.б.

Іріктеу қатысушысына талап: білімі – орта немесе мамандығына сай арнайы дайындык, еңбек өтілі талапқа қажет емес.

Лауазымдық айлық ақы – еңбек сіңірген жылдары бойынша 95000 теңгеден  110000 тенгеге дейін.

 

Іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Уәкілетті органмен бекітілген белгіленген форма бойынша өтініш;

2) Уәкілетті органмен бекітілген белгіленген форма бойынша толтырылған сауалнама;

3) Уәкілетті органмен бекітілген белгіленген форма бойынша 3х4 көлеміндегі суретімен кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақша (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен телефонын көрсету).

4) Уәкілетті органмен бекітілген белгіленген форма бойынша мөрленген өз қолымен толық толтырылған өмірбаяны;

5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);

7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);

8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;

9) 3х4 см өлшемдегі 4 (төрт) фотосурет, 9х12 см 1 (бір) фотосурет;

10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

11) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы №29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;

12) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде);

13) екі данада өзіне және жұбайына кірістер мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамаларды.

Көрсетілген құжаттың біреуінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Үміткерлерден құжаттарды қабылдау Ақтау қаласы, 23 шағын ауданы, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың ақпан айының 6 жұлдызына дейін жүргізіледі.