Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің акт залында КСРО ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесінің екінші дивизионының бұрынғы курсанттарының отбасыларымен кездесуі өтті.
Училищені бітірген күннен бастап Алматы өрт-техникалық училищесінің түлектері 35 жылдан кейін қайта кездесті. Олар бұрынғыдай талантты, көңілді және еңбекқор. Сол бұрынғы, бірақ жастары келген жігіттер, олардың достық қарым-қатынастары әлі күнге дейін сақталады.
Жиналғандар алдында Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Айжаров Нұрлыбек сөз сөйледі. Нұрлыбек Өзбекұлы барлық зейнеткерлерді мерейтойымен құттықтап, мерекелік медальдар табыс етті. 1987 жылғы барлық түлектерді еске алып, олардың бірнеше адамы, өкінішке орай, өмірден өтті және сол өмірден өткендерді бір минут үнсіздікпен тағы да еске алып, құрметтелді.
Бұрынғы курсанттарды Маңғыстау облысы ТЖ органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманғалиев Ерғали Сағынұлы құттықтады. Қонақтар кездесу ұйымдастырушыларына алғыс сөздер айтты.
КСРО ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесі 1973 жылы Қазақ КСР және басқа да Орта Азия республикалары үшін өрт қауіпсіздігі саласында мамандар даярлау үшін құрылды. Бұл даңқты оқу орнын мыңдаған жас офицерлер, өрт сөндіру күзеті мамандары аяқтады, олар өздерінің қажырлы еңбектерімен, батылдығы мен абыройымен өрт сөндірушілердің даңқты дәстүрлерін жалғастырушылары болып табылатынын дәлелдеді. Көптеген түлектер Қазақ ССР ІІМ, ал қазір ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің аудандық, қалалық, облыстық және республикалық құрылымдық бөлімшелерінің өрт сөндіру бөлімдері мен гарнизондарының басшылары болды.
Бұл бітірушілер 1985 жылы тамызда КСРО ІІМ АӨТУ-не түсті. Курсқа 178 адам түсті. Дивизион әр взводта 2 оқу тобынан 28-30 курсанттан тұратын 3 оқу взводынан тұрды. Дивизион командирі ішкі қызмет подполковнигі Тен Е.В., ішкі қызмет майоры саяси орынбасары Талтаев В.И.
1987 жылдың қыркүйегінде училищені 149 офицер бітірді, олар училищені бітірген соң Қазақ КСР ІІМ-нің разнарядкасы бойынша республиканың барлық облыстарына одан әрі қызмет өткеру үшін жіберілді. Адамдардың өмірі мен денсаулығын құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы, ірі және ұзаққа созылған өрттерді сөндіру бойынша жедел іс-әрекеттері үшін КСРО ІІМ АӨТУ-нің көптеген түлектері КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталды. Марапатталғандардың арасында біздің мерейтой иелері де бар:
1988 жыл, 28 ақпан, Шымкент қаласы: МӨЗ-дегі өртті сөндірудегі ерлігі мен батылдығы, шебер басшылығы үшін (311 резервуарлық паркі) КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы Төрағасының Жарлығымен Бауыржан Маханов «Қызыл Жұлдыз» жауынгерлік орденімен марапатталды.
1985 жыл, ақпан, Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы өртті сөндіргені үшін Василий Кузмичев «Өрттегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Қарағанды қаласы. Ауғанстан Республикасында интернационалдық борышын өтегені үшін, жеке ерлігі мен батылдығы үшін Терехов Юрий «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, 1990 жыл, МАЭС-1-дегі өртті сөндіргені үшін Макамбетов Маряв «Өрттегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Ақтау қаласы, 1989 жыл тамыз, Мағышлақ Атом энергокомбинатындағы өртті сөндіргені үшін Расулов Тебрик «Өрттегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Өскемен қаласы, 1989 жыл қазан, өртті сөндіргені үшін, сондай-ақ жанып жатқан тұрғын үйдің 5-қабатынан автосаты көмегімен баланы құтқарғаны үшін Игібаев Асан «Өрттегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Қазір түлектер зейнеткерлік демалысында, бірақ соған қарамастан, көптеген шаруашылық объектілерінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметте жұмыс істей отырып, өз тәжірибесін жастарға беруді жалғастыруда.
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы