Қатты жаңбырдың салдарынан 06.05. және 07.05. су басу жағдайлары болды:
- Жаңаөзен қаласында-88 тұрғын үй, оның ішінде 30-ы сорылды, 43 аула аумағы, оның 26-сы сорылды, 27 көше, оның ішінде 18-і сорылды, 3 мектептің жертөле үй-жайлары және 1 балабақша, оның ішінде 1 мектеп сорылды. 8740 текше метр су тартылды, жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ электрмен жабдықтау ажыратылды (жеке сектордың 200 абоненті). Жаңаөзен қаласының әкімдігінде штаб құрылды.
- Қарақия ауд., Бостан ауылы - 3 тұрғын үй. Су толығымен сорылды (950 текше метр)
- Қарақия ауд., Сенек ауылы - 4 тұрғын үй және 4 аула аумағы. 400 текше метр су тартылды, жұмыстар жалғасуда.
- Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті-2 тұрғын үй және 4 аула аумағы. Су толығымен сорылды (8 текше метр)
- Ақтау қаласында 11 көше мен 3 ауданаралық ауланы су басты. 7820 текше метр су тартылды, жұмыстар жалғасуда.
Салдарды жоюға ТЖД (77 қызметкер, 18 бірлік техника және 20 мотопомпа), ЖАО (138 қызметкер және 46 бірлік техника және 5 мотопомпа) жұмылдырылды.