Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жас қызметкерлерін Құтқарушы күнінің 26 жылдығына арналған ант беру

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жас қызметкерлерін Құтқарушы күнінің 26 жылдығына арналған ант беру

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде қалыптасқан дәстүр бойынша бөлімше қызметкерлері салтанатты түрде ант қабылдады. Өз басшылары мен жолдастарының алдында Отанға және оның халқына адал болуға қызмет бөлімшелеріне қызметке қабылданған 13 қызметкер ант берді.

Антының мәтіні көп сөз, алайда өзімен бірге Отан мен ондағы халықты қорғаудағы қайырымды мақсат. Оны қабылдай отырып, әрбір құтқарушы өзіне жоғары міндеттемелер алады.

Осы маңызды күні Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Мақсотұлы Жаңабаев құттықтау сөз сөйледі. Ол Мекеме қызметкерлерінің Отан және оның халқы алдындағы қызметтік міндеттерін орындауға деген терең жауапкершілігін атап өтті.

Ант қабылдағаннан кейін басшылық пен жеке құрам қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерге ескерткіш алдында бір минут үнсіздікпен еске алды .

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс жөніндегі тобы