Қазақстан ТЖМ құрдастары

Қазақстан ТЖМ құрдастары

Құтқарушы мамандығы – ең күрделі кәсіптердің бірі, өйткені олар елдің кез келген нүктесінде және одан тыс жерлерде ең қиын жағдайларда, аварияларда, ТЖ-да адамдарға көмекке келеді. Қираған үйлерде, өрт кезінде және су тасқыны кезінде, сондай-ақ жай ғана қиындыққа тап болғандарға көмекке ТЖМ-нің тұрақты қызмет атқаратын құтқарушылары келеді, олардың есебінде ондаған мың құтқарылған адамдар бар. Олар жарылып, күйіп, құлап жатқан жерлерде, су тасқыны немесе химикаттар төгілген жерлерде, адамдар мен тіпті жануарларды құтқару керек жерде құтқарушылар көмекке келеді. ТЖМ құрдастары.

Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1995 жылғы 19 қазанда төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды. Содан бері 19 қазан азаматтық қорғау органдарының кәсіби мерекесі болып саналады.

2020 жылы ТЖМ қызметі өзінің 26 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Мен жас өрт сөндіруші, Қазақстан ТЖМ қызметі құрылған жылы туылған Қасқырбай Нұрсұлтан Қанатұлы Жетібай ауылы № 10 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты туралы айтқым келеді.

26 жасында ол құнды жұмыс тәжірибесін жинады, билік пен ұжымның құрметіне ие болды. Қасқырбай Нұрсұлтан № 10 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істейді. 2013 жылы Жетібай ауылының № 3 жалпы білім беру орта мектебін бітірді, 2014 жылдан 2018 жылға дейін Көкшетау техникалық институтында «Өрт қауіпсіздігі» мамандығын оқыды. 2018 жылы институтты бітіргеннен кейін Нұрсұлтан №10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы болып жұмыс істеді. 2019 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін № 10 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқаруда.

Нұрсұлтан бөлім мен мекеме өткізетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады, 2018 жылы ол өрт сөндіру кроссфиті бойынша жарыстарға қатысып, бірінші орынға ие болды. 2019 жылы волейболдан турнирде № 10 өрт сөндіру бөлімінің командасы екінші орын, қазақша күрестен аудандық жарыстарда бірінші орын алды.

Оның пікірінше, ұжымда жақсы, достық қарым-қатынасты сақтау өте маңызды, өйткені олардың жұмысының сипаты бір-біріне толық сенімді болуды талап етеді. Қызмет ету мерзімінің қысқалығына қарамастан, Нұрсұлтан ұжымда еңбекқорлығы, жұмысқа деген жауапты көзқарасы үшін құрмет тұтады.

 

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы