Өрт сөндіру бөлімдері және жедел-құтқару жасағының арасында үздік тарихи формулярға байқауы

Өрт сөндіру бөлімдері және жедел-құтқару жасағының арасында үздік тарихи формулярға байқауы

   

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің акт залында ТЖМ қызметінің құрылғанына 26 жыл толуына орай бөлімшелер арасында үздік тарихи формулярға байқауы өтті. Байқауға Қызметтің 12 қалалық және аудандық бөлімшелерінің  тарихи формуляры келіп түсті.

Тарихи формулярлар бөлімшелер құрылған сәттен бастап жүргізіледі және бірегей құжаттар мен фотосуреттерден тұрады. Олар бөлімше үшін ерекше құнды, өйткені оларда өрт сөндіру бөлімдерінің қалыптасу тарихы, сондай-ақ құтқарушылардың өмірінде болған маңызды оқиғалар бейнеленген. Мысалы, ірі өрттерді сөндіру, төтенше жағдайларды жою, халықтың алғысы, газеттерде батырлық әрекеттерді жариялау наградалар мен көтермелеулер, соның ішінде түрлі жарыстар туралы мәліметтер назардан тыс қалмайды.

Әрбір ұжым тарихи құжаттарды рәсімдеуге өзіндік көзқараспен қарайды: біреу шығармашылық, ал біреу қатаң, кейбіреулері дайын альбомдарды артық көрді, басқалары заманауи технологияларды қолданды.

Байқаудың негізгі міндеті бөлімшенің құрылу және даму тарихын көрсететін ең үздік, ең қызықты тарихи формулярды анықтау болды. Ұсынылған формулярлар бірнеше сындар бойынша бағаланады. Бірінші кезекте ішкі ақпараттың толықтығы, яғни мәліметтердің мазмұны мен дұрыстығы, белгіленген тәртіпке сәйкес толтыру және жүргізу кезегін сақтау, сондай-ақ мұқабаның, беттер мен бөлімдердің сыртқы безендірілуі ескерілді.

Тарихи формуляр - бұл әрбір өрт сөндірушінің жан дүниесі мен құжаттық түрде сақталған жауынгерлік бөлімшелер тарихы және біздің қызметкерлеріміздің өмірінің бөлшегі. Тарихи дәстүрлерді жас ұрпаққа жеткізу және өрт-құтқару ісінің бір үлкен тарихын жинақтау өте маңызды.

Мекеме бастығы азаматтық қорғау майоры Меирбек Караев, бастықтың орынбасарлары және аппарат қызметкерлерінен құрылған төрешілер қорытындыларды шығару кезінде ең алдымен өрт бөлімшесі туралы жиналған ақпараттың толықтығын және ұсынылған жұмыстардың орындалу сапасын ескерді. Осыған байланысты байқауға қатысушылар арасында жүлделі орындар анықталкүзетды. Бірінші орынды Ақтау қаласын қорғайтын № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері алды, екінші орынды Шетпе селосын қорғайтын № 8 өрт сөндіру бөлімі алды, үшінші орынды Мұнайлы ауданын қорғаутын №5 өрт сөндіру бөлімі және Жетібай селосын күзету бойынша №10 өрт сөндіру бөлімі бөлісті.

Мейірбек Аманқосұлы салтанатты түрде конкурс жеңімпаздарына грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы