Көңіл айту

Көңіл айту

Хайрушев Серік Салахатденұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қазада сіздердің қайғыларыңызға шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл - бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш... Серік Салахатденұлы біздер үшін тек әріптес қана емес. Ол - үлгілі әке, мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азамат еді. Алла оның жанына тыныштық беріп, жәннатта етсін! мемлекеттік өрт сөндіру қызметі саласына, оның ішінде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметін 2008-2013 жылдар аралығында қамтамасыз етуге сіңірген зор еңбегі жадымызда мәңгі сақталады.

 

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы