Сіз сияқты болғымыз келеді!

Сіз сияқты болғымыз келеді!

          Ағымдағы жылдың 25 шілдеде 1-ші шағын ауданында орналасқан №3-ші мектепте №3, №6 және №22 мектеп лагері  қосылып «Сіз сиқты болғымыз келеді» тақырыбында спорт эстафетасынан іс шара өтті, сонымен қатар мектеп аумағына өрт сөндіру техникасы және өрт автосаты орналастырылды. Жарыс барысында бүлдіршіндер кедергілер арқылы жүруді пысықтады сонымен қатар балаларға өрт техникасымыен таныстыру жүргізіп іс жүзінде өрт сөндіргішті пайдалану дағдылары көрсетілді.

         Сондай-ақ Департамент қызметкерлерімен «Өрт кезіндегі алғашқы іс-қимылдар» және «Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау»  тақырыбында профилактикалық нұсқаулықтар жүргізіп викторина өткізді. Сайыс соңында балаларға түрлі сыйлықтар табысталды.

 

 

                                                                                           Маңғыстау облысы

                                                                                Төтенше жағдайлар департаменті

                                                                              Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы