Дауылды ескерту

Дауылды ескерту

     Күндіз 10 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.         

Фото интернеттен алынған

        Құрметті облыс тұрғындары және қонақтары!

Дауылды жел қаупі туған кезде: балкондарыңызға тексеріс жүргізіңіздер. Барлық жеңіл және көлемді заттарды бекіту керек немесе бөлмеге кіргізу керек. Жеке автотранспорттарды ағаштардың жанынан және ескі құрылғылар маңынан алып тастау қажет. Балаларды қараусыз тастамауды ең маңызды бақылауға алу. Қатты жел кезінде үйлердің жанында тұмаңыз, шатырлар және басқа құрылғылар ұшып түсуі мүмкін 

       Қарапайым өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар!