Ақтау қаласының «Мағаш» базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Ақтау қаласының «Мағаш» базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Бүгін, «Магаш» базарында (Сары базар) «Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығуға № 1 және № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, Апаттық медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың шарты бойынша екінші корпуста орналасқан № 65 сауда бутигінің жануы орын алды. Шақырылған жерге жеткеннен кейін базар әкімшілігі үш жүзге жуық адамды қауіпсіз жерге көшірді, сонымен қатар ғимараттың бірінші қабатында көмекке мұқтаж бес адамның қалғаны анықталды. Өрт сөндірушілер оларды шартты түтінделген бөлмеден шығарып, улы түтіннен зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсетуші дәрігерлерге тапсырды.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, мұндай өртті сөндіру өте қиын, өйткені күндізгі уақытта сатып алушылар саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Тек базар қызметкерлері, оның ішінде әкімшілік, техникалық қызметкерлер мен сатушылар екі мыңнан астам адамды құрайды. Төбесі жабық бөлмелерден басқа базар аумағында 200-ден астам сатушы сөрелері мен жүзден астам контейнерлер бар.

Оқу-жаттығу барынша шындыққа жақын жағдайларда өтті. Аралас үй-жайларды сөндіруге және шартты өрттен қорғауға екі жағынан өрт сөндіру құралдары берілді.

Оқу-жаттығуға өрт сөндіру қызметінің 54 жеке құрамы және 17 бірлік негізгі, арнайы және қосалқы техникалары, сонымен қатар АЦ-5-40, АЛГ-30, Бронто Скайлифт, Апаттық медицинасы орталығынан 1 бірлік және «КазТрансГазаймақ» газ қызметінен 1 бірлік, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінен 2 бірлік техникаларымен жұмылдырылды.

Өткізілетін оқу-жаттығулардың мақсаты жеке құрамның адамдар көп шоғырланатын ғимараттарда өрттерді сөндіру амалдары мен тәсілдерін пысықтау, тез әрі айқын жауынгерлік қанат жаю, базар әкімшілігінің өртке қарсы қызметімен өзара іс-қимылын пысықтау болып табылады.

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы