Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңында брифинг өтті

Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңында брифинг өтті

        Маңғыстау облысы Қоғамдық  коммуникациялар орталығы алаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департамент бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Мұрат Сейтмолдаұлы Мұхановтың қатысуымен  «Жалпы су тасқынына қарсы күрес үшін жасалып жатқа жұмыстар туралы»  тақырыптарында «он-лайн» режимінде брифинг өтті.                

        Гидрометеорологиялық қызметтің деректері бойынша бүгінгі күні Маңғыстау облысының аумағында қар қоры жоқ.

2021 жылдың сәуір айында ауаның орташа температурасы +13 +160 С болады деп күтілуде, бұл нормадан
2 0-ге жоғары (норма: +11, + 140С).

Бір айдағы жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп күтілуде (норма:14-20 мм).

Жауын-шашын (жаңбыр) бірінші оңкүндіктің соңында, екінші оңкүндіктің басында және соңында күтіледі. 15-20 м/с жел екінші онкүндіктің ортасында күтіледі. Шаңды дауыл-айдың бірінші онкүндігінің ортасында және үшінші онкүндігінің басында және соңында күтіледі.

Жаңаөзен қаласы бойынша қазіргі таңда жоспарланған дренаж жүйесінің құрылысы 100% аяқталды (жалпы ұзындығы 22 шақырым), сонымен қатар Жаңаөзен қаласының жергілікті атқарушы органдарымен қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

         Жергілікті бюджет есебінен 5440 м. дренаж жүйесінің құрылысы жүзеге асырылды, оның ішінде Басқұдық ауылында-724 м, Атамекен ауылында-4716 м. әрқайсысы өнімділігі 40 м3 болатын 4 құдық және 6 сорғы қондырғысы орнатылды. Жиналған сулар Басқұдық ауылынан су айдау насосы арқылы Қошқар ата көліне, Атамекен ауылынан Заозерный елді мекенінің жанындағы «Оймашы» көліне жіберіледі. Қазіргі уақытта жұмыстар су басудың негізгі учаскелерінде жүргізілді. Нәтижесінде елді мекендердің 17 көшесінде су басудан 500-ге жуық үйдің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Халық пен аумақтың көктемгі кезеңдегі ТЖ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдау мақсатында Департамент мынадай жұмыстар жүргізуде:

 «Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары» жасақталды және облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді;

 «Нөсер жауындағы қарғын судан елді мекендерді, автомобиль және темір жолдарын қорғау бойынша күштер мен құралдардың, суағар құрылыстарының дайындығы туралы» мәселесі бойынша Облыстық ТЖ комиссиясының отырысы өткізілді (11.02.2021 жыл). Нәтижесінде жергілікті қала және аудан әкімдіктеріне, тиісті мемлекеттік органдармен кәсіпорындарға Көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Аумақтық органдырдың берген ақпаратына сәйкес су тасқыны зардаптарының алдын алу және жою үшін 1573 тоннадан астам инертті материалдар, 4290  қап (құм салынған) қоры дайындалды және жанар-жағармай үшін 19 шарт, тамақтану үшін 118 шарт бар.

         Облыс бойынша барлығы 1336 су өткізу құрылыстары бар (оның ішінде 783-автожолдарда, 553-темір жолдарда). Қазіргі таңда тиісті мердігер мекемелер су өткізу құрылыстарына тазарту жұмыстарын жүргізуде.

         Сондай-ақ көктемгі су тасқынынан туындаған төтенше жағдайлар қаупін азайту мақсатында ағымдағы жылғы 20 ақпан мен 20 наурыз аралығындағы кезеңде жаппай су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы ұйымдастырылып, алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

         Жалпы су тасқынына қарсы күрес үшін Департаментпен авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге 277 адам, 40 бірлік техника, 42 бірлік мотопомпа және 14 бірлік жүзу құралдары дайын (оның ішінде "Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ 75 ж/қ, 18 бірлік техника және 40 бірлік мотопомпа, "Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" Жедел-құтқару жасағы" ММ 42 ж/қ, 10 бірлік техника және 14 бірлік жүзу құралдары, Техника, 2 мотопомпа, "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Маңғыстау облысы бойынша 10 ж/қ, 2 бірлік техника, Маңғыстау облысының полиция департаменті 100 ж/қ, 6 бірлік техника, 6656 әскери бөлімі (Ақтау) 50 ж/қ, 4 бірлік техника).

Жергілікті атқарушы органдарда 37 техника (ассенизатор, водовоз), 59 мотопомпа бар.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларға дайындығын тексеру үшін ағымдағы жылдың наурыз айында «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.