«Rixos Water World Aktau» қонақ үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

«Rixos Water World Aktau» қонақ үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Ақтау қаласындағы «Rixos Water World Aktau» қонақ үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

          Оқу-жаттығудың мақсаты - өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекетін, күштер мен құралдарды басқаруды, қызметтердің өзара іс-қимылын және адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды пысықтау.

         Нысан бір уақытта 1500 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда 500-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.

№3 шақырту бойынша өткізілген оқу-жаттығу барысында: өрт туралы хабарламаны қабылдау; бөлімшелердің оқиға орнына келуі; барлау жүргізу; адамдарды эвакуациялау; шартты өртті оқшаулау және сөндіру; тиісті қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталды.

         Іс-шара қорытындысы бойынша жеке құрамның дайындығы мен бөлімшелердің жедел әрі үйлесімді әрекеті бағаланды.

Маңғыстау облысының ТЖД