
Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаты өтті.
Төрт күнге созылған жарысқа еліміздің барлық өңірінен 358 спортшы қатысып, 22 ерлер және 15 әйелдер командасы төрт спорттық тәртіп бойынша бақ сынады.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің спортшылары чемпионат барысында жоғары нәтижелер көрсетіп, бірнеше жүлделі орынға ие болды.
Жарыстың алғашқы күнінде «Шабуыл сатысымен көтерілу» тәртібі бойынша Маңғыстау облысы ТЖД спортшысы Қонысбаев Абай 14,09 секунд нәтижесімен жартылай финалға шықты.
Екінші күні «Кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту» тәртібінде Қонысбаев Абай 16,24 секунд нәтижесін көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Әйелдер арасындағы жарыста Реджеметова Ситора жүлделі үшінші орынға ие болды.
4×100 метрлік өрт эстафетасында Маңғыстау облысының ерлер құрамасы 1 минут 00,25 секунд нәтижесімен үшінші орын алды. Құрама сапында Балтабаев Есболсын, Мұстахи Бекнұр, Қонысбаев Абай және Инасаридзе Илико өнер көрсетті.
«Жауынгерлік қанат жаю» тәртібі бойынша Маңғыстау облысының ерлер құрамасы екінші орынға, әйелдер құрамасы да екінші орынға ие болды.
Чемпионат қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы қоссайыста Реджеметова Ситора 24,21 секунд нәтижесімен бірінші орын иеленді.
Ерлер арасындағы қоссайыста Қонысбаев Абай 30,33 секунд нәтижесімен үшінші орынға ие болды.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының ерлер құрамасы чемпионаттың жалпы командалық есебінде үшінші орынға тұрақтады.
Осылайша, Маңғыстау облысының өрт сөндіруші-құтқарушылары чемпионатта кәсіби шеберлік, жоғары дене дайындығы, төзімділік және командалық үйлесімділік танытып, өңір намысын абыроймен қорғады.
Маңғыстау облысы ТЖД