Brogym фитнес орталығы ұйымдастырған жарыста — жеңімпаз!

Brogym фитнес орталығы ұйымдастырған жарыста — жеңімпаз!

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №13 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау аға сержанты Байтуров Бақытжан Жалғасбайұлы Brogym фитнес орталығы ұйымдастырған спорттық жарыста жеңімпаз атанды.

Бұл жетістік – қызметтік міндетін абыроймен атқарып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік еткен қызметкердің табандылығы мен қажырлы еңбегінің жемісі.

Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы жоғары физикалық дайындықты, төзімділік пен батылдықты талап етеді. Осындай жарыстарға қатысу қызметкерлердің кәсіби шеберлігін шыңдап, дене дайындығын жетілдіруге және салауатты өмір салтын насихаттауға зор ықпал етеді.

Әріптесіміз Бақытжан Жалғасбайұлын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз.

Маңғыстау облысы ТЖД