Терезе қауіпсіздігі – бала өмірін қорғаудың маңызды шарасы

Терезе қауіпсіздігі – бала өмірін қорғаудың маңызды шарасы

Балалардың қауіпсіздігі – әрбір отбасы үшін маңызды мәселе. Соңғы жылдары балалардың ашық терезеден құлап кету жағдайлары жиі кездесіп, олардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіруде. Мұндай қайғылы жағдайлардың басым бөлігі ата-аналардың немесе ересектердің қысқа уақытқа болса да бақылауды әлсіретуінен орын алады.

Балалар табиғатынан өте қызығушылық танытады, олар терезе маңына жақындап, сырттағы заттарға назар аударуы мүмкін. Әсіресе жылы мезгілде терезелердің ашық қалуы қауіпті жағдай туғызады. Масаның торы баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді, себебі ол баланың салмағын көтеруге арналмаған.

Баланың өмірі мен денсаулығын сақтау – әрбір отбасының басты құндылығы. Қауіпсіздік шараларын алдын ала қабылдау арқылы қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады.

Маңғыстау облысы ТЖД