
Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау мақсатында балалар лагерінде «Өртсіз балалық шақ» тақырыбында командалық сайыс ұйымдастырылды.
Тартысқа толы сайыс барысында қатысушылар өрт қауіпсіздігіне қатысты түрлі кезеңдерден өтіп, өздерінің білімдері мен ептіліктерін сынға салды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтар және арнайы марапаттармен марапатталды.
Іс-шара аясында құтқарушы мамандығын дәріптеу мақсатында өрт сөндіру техникалары мен өрт-техникалық құрал-жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылып, олардың жұмыс істеу ерекшеліктері таныстырылды. Сонымен қатар алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері көрсетіліп, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысатын кинологиялық қызметтің көрсетілімдері көпшілік назарына ұсынылды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар балалардың төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастырып, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және өрттің алдын алуға бағытталған.
Маңғыстау облысы ТЖД