Төтенше жағдай кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қауіпсіздігі – басты назарда

Төтенше жағдай кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қауіпсіздігі – басты назарда

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз әрекет ету тәртібін түсіндіруге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында өрт шыққан жағдайда дұрыс әрекет ету алгоритмі, эвакуациялау жолдарын пайдалану тәртібі, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану ережелері, сондай-ақ газ және электр құралдарын қауіпсіз пайдалану талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше қолдау көрсетіп, оларды арнайы көлікпен теңіз жағалауындағы демалыс орнына апарды. Демалыс барысында қатысушыларға ыстық тамақ ұсынылып, қауіпсіз әрі жайлы ортада уақыт өткізуге жағдай жасалды.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға және қоғамдағы өзара қолдау мен қамқорлық құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.

Қауіпсіздік пен қамқорлық – баршаға ортақ құндылық!

Маңғыстау облысы ТЖД