
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде өңірлік БАҚ өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шара барысында Департамент басшылығы журналистерге көпжылдық ынтымақтастығы, құтқарушылардың қызметін объективті түрде жариялап, халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді атсалысқаны үшін шынайы алғысын білдірді.
Кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және ақпараттық өзара іс-қимылды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Өз кезегінде журналистер Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне тығыз әрі нәтижелі ынтымақтастық үшін ризашылықтарын білдіріп, халықты ақпараттандыру және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара жылы әрі достық жағдайда өтіп, құтқарушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың тағы бір айқын көрінісіне айналды. Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсті.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті барлық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық шабыт, қызықты жобалар, объективті материалдар мен жаңа кәсіби жетістіктер тілейді.
Маңғыстау облысы ТЖД