Маңғыстауда аумақтық ТЖМЖ мемлекеттік жүйесінің дайындығы тексерілді

Маңғыстауда аумақтық ТЖМЖ мемлекеттік жүйесінің дайындығы тексерілді

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2026 жылғы 17–19 маусым аралығында Маңғыстау ауданының аумағында кешенді оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығу аясында азаматтық қорғау қызметтерімен әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауға бағытталған теориялық және практикалық іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Басқаруды ұйымдастыру және өзара іс-қимылды үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Басқару штабының жұмысын ұйымдастыру, байланыс құралдарын пайдалану, сондай-ақ картографиялық материалдармен жұмыс жүргізу бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

Маңғыстау облысы ТЖД