Маңғыстаулық құтқарушы грэпплингтен Қазақстан чемпионы болды

Маңғыстаулық құтқарушы грэпплингтен Қазақстан чемпионы болды

2026 жылғы 20–21 маусым күндері Ақтау қаласында 18–20 жас аралығындағы жастар арасында өткен грэпплингтен (Gi және No-Gi) Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Гулиев Эльшан 100 кг салмақ дәрежесінде жоғары шеберлік, табандылық және мықты дайындық деңгейін көрсетіп, І орын иеленді.

Аталған жарыста еліміздің әр өңірінен келген үздік спортшылар бақ сынап, өзара тартысты белдесулер өткізді. Гулиев Эльшан барлық кездесулерде қарсыластарынан басым түсіп, чемпиондық атақты жеңіп алды.

Бұл жетістік – спортшының қажырлы еңбегі мен кәсіби дайындығының, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстардың жемісі.

Әріптесімізді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына, мықты денсаулық пен толайым табыс тілейміз! 

Маңғыстау облысы ТЖД