Маңғыстау облысында өрт қауіпсіздігі мен құтқару қызметін дамыту мәселелері қаралды

Маңғыстау облысында өрт қауіпсіздігі мен құтқару қызметін дамыту мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Асқар Дүйсенұлы Төлешевтің жұмыс жоспарына сәйкес Маңғыстау облысына жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Жұмыс сапары барысында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен, Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу және Түпқараған аудандарының әкімдерімен кездесулер өткізілді.

Кездесулер барысында өңірдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту, ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігін арттыру, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау бөлімшелерінің өзара іс-қимылын жетілдіру, сондай-ақ «Ауыл құтқарушылары» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар жұмыс сапары аясында облыс аумағындағы №6, №7, №8, №10, №13 және №14 өрт сөндіру бөлімдерінің, №1 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің, жедел-құтқару жасағының қызметімен танысу жұмыстары жүргізілді.

Сапар барысында Қазақстан Республикасы ТЖМ құтқарушыларына арналған ведомстволық демалыс орталығы – «112 RESORT Aktau» нысаны да араланып, оның қызметі мен инфрақұрылымының жай-күйі зерделенді.

Іс-шара қорытындысы бойынша азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарының дайындығын одан әрі жетілдіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Маңғыстау облысы ТЖД