Еске алу белгісі: ТЖД қызметкерлері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Еске алу белгісі: ТЖД қызметкерлері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

           Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері департамент бастығы Мұханов Мұраттың жетекшілігімен Мәңгілік алауға гүл қою салтанатты рәсіміне қатысты.

           Рәсім барысында қатысушылар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың ерлігі мен жанқиярлығына терең құрмет пен алғыстарын білдірді. Мемориал алдына Отан қорғаушыларының ерлігіне деген тағзым мен мәңгілік естелік белгісі ретінде гүл шоқтары қойылды.

           Мұндай іс-шаралар тарихи жадыны сақтауда және патриоттық рухты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Олар бейбіт өмірдің қадірін, халық бірлігінің маңызын ұғындырады. Азаматтардың қауіпсіздігін күн сайын қамтамасыз етіп жүрген ТЖД қызметкерлері бейбіт өмірдің негізін қалаған батырларға құрмет көрсетті.

            Маңғыстау облысы ТЖД