
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай салтанатты жиын өткізді.
Мерекелік іс-шара барысында Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ардагерлердің рухына құрмет көрсетіліп, олардың жанқияр ерлігі еске алынды. Қатысушылар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жиында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев және департамент бастығы Мұрат Мұханов құттықтау сөз сөйлеп, қызметте кәсібилік пен жауапкершілік танытқан қызметкерлерге марапаттар табыстады.
Сонымен қатар мерекелік бағдарлама аясында патриоттық әндер шырқалып, шығармашылық қойылымдар ұсынылды. Іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отансүйгіштік рухты дәріптеді.
Осындай тағылымды шаралар ел қауіпсіздігі жолында қызмет атқарып жүрген мамандардың еңбегін дәріптеп, жас буынға өнеге болары сөзсіз.
Еліміздің тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген барша азаматтарды мерекемен құттықтаймыз!
Маңғыстау облысы ТЖД