
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бөлім басшысы Н. Найзабеков Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мамандарымен бірге Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – жастарға химия және мұнайхимия салаларындағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын түсіндіру, қауіпті өндірістік нысандардағы апаттар мен оқыс оқиғалардың алдын алу жолдары туралы ақпарат беру болды.
Іс-шара барысында сала мамандары өндірістегі тәуекелдерді төмендетудің заманауи тәсілдері жөнінде айтып, өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, нақты тәжірибеден алынған мысалдар келтірілді.
Көрнекі презентациялар мен практикалық түсіндірулер студенттердің өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын тереңірек меңгеруіне мүмкіндік берді.
Осындай кездесулер – болашақта өңірдегі өндірістік нысандардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін білікті мамандарды даярлауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.
Маңғыстау облысы ТЖД