В Маңғыстауда құтқарушылар ант қабылдады

В Маңғыстауда құтқарушылар ант қабылдады

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында департаменттің жас қызметкерлері ант қабылдап, Отанға адал қызмет етуге серт берді. Салтанатты рәсімге департамент бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі М. Қараев қатысып, жас мамандарды құттықтап, жауапты қызметтеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ іс-шара аясында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қатысушылар олардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты жиын соңында жеке құрам саптық жүріспен өтіп, естелік суретке түсті.

Маңғыстау облысы ТЖД