
Іс-шараға Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының кітапханашылары арнайы келіп, мазмұнды дәріс өткізді.
Кездесу барысында Чернобыль апатының салдары, оның адамзатқа тигізген зардабы, сондай-ақ бейбітшілік пен бірліктің маңызы кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар тарихи деректермен танысып, тағылымды мәліметтер алды.
Жиынға ТЖД-нің жеке құрамы қатысып, маңызды тарихи оқиғалар мен бірлік құндылығы туралы кең мағлұмат алып, дәріспен сусындап қайтты.
Мұндай шаралар қызметкерлердің дүниетанымын кеңейтіп, патриоттық рухын арттыруға ықпал етеді.
Маңғыстау облысы ТЖД