Маңғыстау спортшылары қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионатында топ жарды

Маңғыстау спортшылары қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионатында топ жарды

2026 жылғы 21–23 сәуір аралығында Орал қаласында жастар арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарыста Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің атынан қатысқан спортшылар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, тамаша нәтижеге қол жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық спортшылар І орынмен марапатталды.

Атап айтқанда:

Баландин Руслан Игоревич (57 кг)

Ордабаев Нуржау (67 кг)

Жұмарт Жәнібек Абдуразақұлы (73 кг)

Спортшылар өздерінің кәсіби шеберлігі мен жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Маңғыстау облысының намысын абыроймен қорғады.

Маңғыстау облысы ТЖД