Маңғыстау облысында «Жас құтқарушы-2026» облыстық слеті өтті

Маңғыстау облысында «Жас құтқарушы-2026» облыстық слеті өтті

Маңғыстау облысында жасөспірімдер арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және құтқарушы мамандығын насихаттау мақсатында «Жас құтқарушы-2026» атты облыстық слет ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға облыстың әр өңірінен 7 команда қатысып, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын сынға салды. Қатысушылар төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету, алғашқы көмек көрсету, өрт қауіпсіздігі және құтқару жұмыстары бойынша түрлі кезеңдерден өтті.

Слет қорытындысы бойынша:

1 орын – Түпқараған ауданы

2 орын – Қарақия ауданы

3 орын – Бейнеу ауданы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, бірінші орын иегері – Түпқараған ауданының командасы республикалық слетке қатысуға жолдама алды.

Бұл іс-шара жасөспірімдердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға, қауіпсіздік дағдыларын нығайтуға және болашақта құтқарушы мамандығын таңдауға ынталандыруға бағытталған.

Маңғыстау облысы ТЖД