Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері марапатталды

Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері марапатталды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №855 ж/қ «Наградтау туралы» бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі                     Мұрат Мұханов бірқатар қызметкерлерге ведомстволық наградаларды табыстады.

Азаматтық қорғау органдарындағы мінсіз қызметі үшін қызметкерлер «Мінсіз қызметі үшін» медальдарының І, ІІ және ІІІ дәрежелерімен марапатталды.

Марапаттар әртүрлі бағыттағы бөлімшелерде қызмет атқаратын қызметкерлерге табысталды. Олардың қатарында басшылық құрам, бөлім басшылары, офицерлер мен мамандар бар.

Марапаттау рәсімі қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен азаматтық қорғау саласындағы адал еңбегін айқындайды. Мұндай құрмет жеке құрамды жаңа жетістіктерге ынталандырып, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

 

Маңғыстау облысы ТЖД