Мамандықпен танысу: студенттер өрт сөндіру бөлімі мен музейге барып қайтты

Мамандықпен танысу: студенттер өрт сөндіру бөлімі мен музейге барып қайтты

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің студенттері оқытушыларымен бірге өрт сөндіру бөлімі мен өрт сөндіру қызметі музейіне барып, танымдық әрі маңызды экскурсияға қатысты.

Экскурсия барысында болашақ мамандар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті қызметімен танысып, қызмет атқарудың ерекшеліктерін білді, сондай-ақ заманауи өрт сөндіру және құтқару техникасын көрді. Бөлім қызметкерлері қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету жолдарын түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Студенттерге әсіресе өрт сөндіру қызметінің музейі үлкен қызығушылық тудырды. Онда қызметтің қалыптасуы мен дамуының тарихы көрсетілген. Экспонаттар, мұрағаттық фотосуреттер, техника мен арнайы киім үлгілері өрт сөндіру ісінің даму жолын және осы мамандық иелерінің ерлігін айқын көрсетті.

Мұндай іс-шаралар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, жастардың азаматтық қорғаныс саласындағы білім деңгейін арттыруға, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар беруге ықпал етеді.

Маңғыстау облысы ТЖД