Жаңа форма – жаңа мүмкіндік

Жаңа форма – жаңа мүмкіндік

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жаңа қызметтік формамен қамтамасыз етілді. Жаңартылған киім үлгілері қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыруға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа форма жиынтығына жазғы және қысқы киімдер, сондай-ақ арнайы аяқ киімдер кіреді. Заманауи талаптарға сай әзірленген бұл киімдер түрлі ауа райы жағдайларында қызмет атқаруға бейімделген және жоғары сапалы материалдардан дайындалған.

Қызметкерлерді жаңа үлгідегі формамен қамтамасыз ету – төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтіп, кәсіби міндеттерді тиімді орындауға септігін тигізеді.

Халықтың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Маңғыстау облысы ТЖД