
Ақтөбе қаласында өткен V KYOKUSHIN Combat Fighting League жекпе-жек турнирінде “Batyr team” спорттық клубының мүшесі Нұрдаулет Тілепов І орынды жеңіп алды.
Бұл жоғары жетістік – спортшының табандылығының, қажырлы еңбегінің және жүйелі дайындықтарының нәтижесі. Нұрдаулет Тілепов жарыс барысында жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті.
Аталған жеңіс құтқарушылардың тек қызмет барысында ғана емес, спорт саласында да жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын айқын дәлелдейді.
Нұрдаулет Тілеповті шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер, мықты денсаулық және толағай табыстар тілейміз!
Маңғыстау облысы ТЖД