Жаңаөзен қаласында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді

Жаңаөзен қаласында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді

Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» нысанында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.

Іс-шараны Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды. Оқу-жаттығуға 80 қызметкер мен 20 бірлік техника жұмылдырылды.

Жаттығудың негізгі мақсаты – жеке құрамның жауынгерлік дайындығын тексеру, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кездегі нысан қызметкерлерінің іс-қимылдарын пысықтау болды.

Оқу-жаттығу барысында шартты өртті сөндіру, адамдарды эвакуациялау және жедел әрекет ету алгоритмдері іс жүзінде пысықталды.

Мұндай іс-шаралар төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Маңғыстау облысы ТЖД