Абыройлы еңбекпен -құрметті зейнетке

Абыройлы еңбекпен -құрметті зейнетке

 Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен азаматтарды құрметпен зейнет демалысына шығарып салу рәсімі өтті.

Өз ісіне адал, кәсіби біліктілігімен және жауапкершілігімен әріптестері арасында сый-құрметке ие болған Александр Геннадьевич Алексеев пен Сейталин Азамат Серікұлы зейнет демалысына шықты. Салтанатты жиында департамент басшылығы мен ұжым мүшелері  әріптестерге жылы лебіздерін білдіріп, олардың қызмет жолындағы елеулі еңбектерін ерекше атап өтті.

Александр Геннадьевич пен Азамат Серікұлы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласында талай жыл табанды еңбек етіп, өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып келді. Олар жас мамандарға үлгі болып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұжымның кәсіби дамуына зор үлес қосты.

Шара барысында әріптестері алғыстарын айтып, естелік сыйлықтар табыстап, ақжарма тілектерін жеткізді. Еңбек жолын абыроймен аяқтап отырған азаматтарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, алдағы өмірлеріне бақ-береке тілей отырып, олардың еңбегі ешқашан ұмытылмайтыны ерекше атап өтілді.

Маңғыстау облысы ТЖД