
2026 жылғы 22 наурыз күні Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін ерекше форматта атап өтті. Мерекелік іс-шара Каспий теңізінің жағалауында ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында департамент қызметкерлері "Теңіз жасағы" АҚ бірлесіп, ұлттық нақышта ортақ киіз үй тігіп, мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Мерекелік бағдарлама барысында ұлттық ойындар ойнатылып, қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеді. Қызметкерлер мен қонақтар арасында арқан тарту, асық ату секілді ойындар ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар, Наурыз мерекесін өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, тиісті кезекшілік ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және Наурыз мейрамының маңызын кеңінен дәріптеу.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, береке және молшылық тілейді.
Маңғыстау облысы ТЖД