
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 16 наурыздағы №160 ж/қ бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымына азаматтық қорғау подполковнигі Рәтбек Қожахметұлы Демеуберген тағайындалды.
Рәтбек Қожахметұлы еңбек жолында азаматтық қорғау органдарында түрлі басшылық қызметтер атқарып, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында мол тәжірибе жинақтаған. Бұған дейін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін абыроймен атқарды.
Жаңа орынбасарды департаменттің жеке құрамына Маңғыстау облысы ТЖД бастығы Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы таныстырды.
Таныстыру барысында департамент бастығы жаңа басшылық құрамға бірқатар нақты міндеттер жүктеп, өңірдегі азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жүйелі жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Тағайындау аясында жаңа орынбасардың тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытындағы жұмысты одан әрі жетілдіруге оң ықпал ететініне сенім білдірілді.
Маңғыстау облысы ТЖД